Алматыда коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілініп, қатерлі ісікке шалдыққан балақай қайсарлығымен дәрігерлерді тәнті етті – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан жеті жасар баланың қайсарлығы дәрігерлерді тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

науқас

Балақай әжесімен бірге коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандардың тізіміне енгендіктен ауруханаға жеткізіліпті. 

Бала қатерлі ісікке шалдыққан, ол онкологиялық станционарда химиотерапия алуда екен. Осыған байланысты жеті жастағы жеткіншек ауру жұқтыру қауіпі жоғары санаттағылардың қатарына жатқызылыпты. 

Дәрігерлер өз кезегінде ұл бала мен оның әжесіне бар жағдайды жасап, күнделікті дәрумендердің рационымен қамтамасыз етілгенін жеткізді. Медициналық қызметкерлер баланың өміріне кез келген жұқпалы инфекция қатерлі екенін түсініп отыр. Алайда баланың өзі болса басына түскен ауыртпашылыққа мойымайтын көрінеді. 

«Туғанынан зерек әрі алғыр балақай. Басқалары секілді өсіп келе жатқан, бірақ аяқ астынан ауыр дертке шалдықты. Қазір немерем үшін жылауды қойдым», – дейді қайсар ұлдың әжесі. 

Бала мен кейуананың бір-біріне деген қамқорлығы медициналық орталықтың бүкіл қызметкерін таңқалдырды. 

«Карантин уақытындағы ең керемет науқастарды бірі – осы бала. Ауру туралы ересектер секілді тыңдап, өз бетінше қорытынды шығарды. Балақай «бұл вирус менің ауруымнан қауіпті емес, сондықтан мен одан қорықпаймын» деп айтып отыр», – дейді терапия бөлімінің жетекшісі Райхан Мұхамбетова.  

Қазіргі таңда ұл бала келесі химиялық терапияға дайындалуда. Ақ халаттылар бір ауыздан оның ауыр дертті жеңетініне сенім білдірді. 

16 сәуір күні оның жасы жетіге толыпты. Дәрігерлер өз күштерімен балаға өзінің айтулы күнін мереке етіп ұйымдастырып беріпті. Бірнеше күннен кейін қайсар бала ауруханадан шығарылады екен. 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз