Алматыда коронавирус жұқтырған екі науқас кеселге қайдан тап болғандарын білмейді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда коронавирус жұқтырған екі науқас індетке қайдан тап болғандарын білмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больница

Бұл туралы Алматының қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. 

«Қазіргі таңда анықталып жатқан коронавирусты жұқтырған науқастар — шетелден келгендер және олармен байланысты болған адамдар. Бірақ екі адамның кімнен коронавирус жұқтырғанын анықтау біз үшін қиынға соқты. Олар қазір ем қабылдауда. Олардың қарым-қатынаста болған туыстары бәрі табылып, бақылауға алынды. Тиісті шаралар қабылданып, науқастар мен олардың жақындары басқаларынан алшақтатылды», — дейді Әбілдаев. 

Оның айтуынша, екі науқас шетелге шықпаған және басқа мемлекеттерден оралған адамдармен байланысқа түспеген. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирустан көз жұмған екінші адам анықталды. 50 жастағы тұрғынның жағдайын қант диабеті секілді созылмалы аурулар асқындырып жібергені айтылыпты. 

stan.kz