Алматыда коронавирус жұқтырған екі науқас ауруханадан шықты

0

​Қалада қазір инфекциялық стационарларда 79 пациент емделіп жатыр, 2 ересек адамның жағдайы ауыр

АЛМАТЫ,3 сәуір – Sputnik. Алматыда екі науқас коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгін инфекциялық стационардан коронавирус инфекциясынан сауыққан тағы екі науқас шығарылды. Бұл екі әйелдің бірі 15наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен ұшып келген», – деді Әбілдаев.

Бүгінге дейін Алматыда 91 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Қазір аурудан сауығып шыққандардың саны 13 адамға жетті, ішінде екі бала бар.

​Қалада инфекциялық стационарларда 79 пациент емделіп жатыр, оның бірі Алматы облысының тұрғыны.

66 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық, 2 ересек адамның жағдайы ауыр. Ал 11 ересек адамның жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

Тағы оқыңыз: Бетперде коронавирустан қорғай ма – маман жауабы

Бүгін вирус анықталған науқас бұрын Covid-19 жұқтырған адаммен байланыста болған.

​Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде жатыр, оның ішінде 79-ы бала. Екі күндік карантинде – 446 азамат, үй карантинінде – 4 411 адам.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз