Алматыда коронавирус ошақтары азайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда коронавирус ошақтарының саны азайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус тест

Бұл туралы Алматы әкімдігнің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, қазір Алматыда 24 коронавирус ошағы бар. Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты, 12 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды.

Медеу ауданында — Зенков көшесі 59; Достық көшесі 162; Гоголь көшесі 75, Түрксіб ауданында – «Алтай» шағынауданы 1, 8; «Жас қанат» шағынауданы 86; Майлин көшесі 77; Спасский көшесі 63 а,

Жетісу ауданында – Еңлікгүл көшесі 34 а, Бостандық ауданында – Тұрғыт-Өзал көшесі 242,

Алмалы ауданында – Желтоқсан көшесі 125; Жароков көшесі 16; Жароков көшесі 7 мекенжайларында шектеу алынды.

Ал коронавирус тіркелген ошақтар төмендегідей:

Әуезов ауданында инфекцияның 4 ошағы: Жетісу-2 ықшамауданы 70а; Мамыр-4 ықшамауданы 313; 6 ықшамауданы 35; 1 ықшамауданы 28 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданы бойынша 5 ықшамауданда инфекция ошақтары тіркелді. Олар Заря-Востока ықшамауданы, Сары-ой 234 көшесі; Ақкент 7 ықшамауданы; Ақбұлақ ықшамауданы 9, Жасыл Желек көшесі 13; Тойшыбек батыр 121.

Медеу ауданы бойынша 5 ошақ тіркелген. Олар – Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы 25; Достық 111/2; Достық 116; Достық 493.

Жетісу ауданында Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі 25; Құлагер ықшамауданы 45; Борзов көшесі 85 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 4 ошағы тіркелген.

Түркісіб ауданындағы 2 ошақ: Жұлдыз ықшамауданы 45; Жұлдыз ықшамауданы -1, 13 мекенжайлары қалды.

Наурызбай ауданы бойынша бір ошақ бар. Береке көшесі, 1/97 мекенжайында әлі қауіп сейілген жоқ.

Бостандық ауданында 3 ошақ: Науаи көшесі 328; Клочков көшесі 117; Науаи көшесі 310 тіркелген.

 

stan.kz