Алматыда коронавирус инфекциясының жаңа ошақтары табылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

14 0 0

Қазіргі уақытта Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 73 адам анықталды, жалпы Қазақстанда науқастардың саны 294-ке жетті

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында 30 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустың 24 жұқтыру ошағы бар. Бұл туралы Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті хабарлады.

  • Әуезов ауданында 4 ошақ: Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр-4 ықшамауданы, 313; №6 ықшамаудан, 35; №1 ықшамаудан, 28.
  • Алатау ауданында 5 ошақ: Заря-Востока ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9; Жасыл желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121.
  • Алмалы ауданында 3 ошақ: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі,7.
  • Медеу ауданында 4 ошақ: Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшам ауданы, 25; Достық, 111/2.
  • Жетісу ауданында 3 ошақ: Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықшамауданы, 45.
  • Түрксіб ауданында 2 ошақ: Жұлдыз ықшамауданы, 45; Жұлдыз-1 ықшамауданы, 13.
  • Бостандық ауданында 2 ошақ: Тұрғыт-Озал көшесі, 242; Навои көшесі, 328.
  • Наурызбай ауданында 1 ошақ: Береке көшесі, 1/97.

Бұған дейін инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 7 аймақтан шектеу шаралары алынып тасталды.

Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 73 адам анықталды.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, республикада коронавирус жұқтырғандар саны 294 адамға жетті. 20 адам дерттен сауықты, 64 жастағы бір әйел қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз