Алматыда көлік жылдамдығы қатаң бақылауға алынды

0

Алматыда жылдамдықты асыратын жүргізушілермен күрес күшейтіледі. Қала көшелеріндегі жылдамдық шектелген аймақтағы камералар енді орташа жылдамдықты есептеп отыратын болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Полицейлердің айтуынша, орташа жылдамдықты есептегенде екі камера

арасындағы қашықтық пен рұқсат етілген максималды жылдамдық ескеріледі.

«Мысалы, Абай даңғылының бойымен Желтоқсан көшесінен Достық көшесіне дейін жету уақыты бес минут болса, ал сіз үш минутта жетсеңіз, демек жылдамдықты асырдыңыз деген ұйғарым шығарылады. Мұның бәрін компьютер автоматты түрде есептеп береді. Адами фактор толығымен жойылған», — деді полиция департаментінің ресми өкілі.

Жаңа ережені енгізу үшін арнайы камералар алынбапты, жай ғана бұрынғы камераларға қосымша тәртіп енгізіліпті. Бүгінгі таңда бұл жүйе 110 бекетке орнатылған екен. Жуырда бұл көрсеткішті 142-ге жеткізілу жоспарланған.

Ал бірінші желтоқсаннан күшіне енетін ереже бойынша, екі камера аралығында жылдамдықты асырған жүргізушілер айыппұл төлейтін болады.

Дереккөз: КТК арнасы