Алматыда карантинді елемей аулада ішімдік ішкендер ұсталды

0

Масаң күйдегі кісілерді полиция бөліміне жеткізу кезінде олар тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, бағынбаған

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында карантиндік режим кезінде тұрғын үй ауласында ішімдік ішкен бір топ ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов ауданына қарасты бірінші шағын ауданда орналасқан үйлердің ауласын күзетіп жүрген учаскелік инспекторлар алкоголь ішкен бір топ ер адамды байқайды. Олар балаларға арналған ойын алаңқайында көңілді отырыс ұйымдастырған. Мұндай әрекеттің карантин режиміне қайшы екенін ескерткен полицейлерге азаматтар дөрекілік танытқан.

«Масаң күйдегі кісілерді полиция бөліміне жеткізу кезінде олар тәртіп сақшыларына бағынбаған. Көрсеткен қарсылығына қарамастан, бұзақылар залалсыздандырылып, қамауға алынды. Қазірге кезде тиісті жазасын алуы үшін заң алдында жауап беріп жатыр», – деді Әуезов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Оның айтуынша, ұсталғандар қылмыстық кодекстің 379-бабы (билік өкіліне бағынбау) мен 380-бабы (билік өкіліне қарсы күш қолдану) бойынша  айыпталады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз