Алматыда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін – Қазақстан жаңалықтары

0

Қаланың бас санитар дәрігері брифинг барысында Алматыда карантин шаралары күшейтілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күннен-күнге өсіп келеді. Алайда қалада карантин талаптары жеңілдетіліп жатыр. 

Вирус жұқтырғандардың қатары көбейіп жатса санитарлық талаптарға сай емес көптеген мекмелер өз жұмысын тоқтатуы мүмкін дейді Жандарбек Бекшин. Оның айтуынша алдағы уақытта карантин шараларын күшейтіп, қадағалау жұмыстары қатаң жүргізіледі. 

«Біз осыған дейін ашылған нысандардың қызметін тоқтату мәселесін қарастырамыз. Жүйелі түрде ескерту алып, карантин талаптарын бұзған нысандарды зерттейміз. Олардың қызметін қайта тоқтатамыз. Науқастар әлі де тіркеліп жатыр. Карантин талаптары бұзылатын болса, әрине, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбайды. Сондықтан алдағы уақытта карантин шараларын күшейту мәселесін талқылап жатырмыз»

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз