Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін бе — Жандарбек Бекшин жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Карантиннің күшейтілуі қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бекшиннің айтуынша, елімізде төтенше жағдай режимі аяқталып, Алматыда кезең-кезеңмен кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын қайта бастады.

«Карантиндік режимге өткеннен кейін біз инфекцияның одан әрі таралмауы үшін қала тұрғындарынан сақтық шараларының қадағалануын сұрадық. Егер вирус жұқтырғандар саны ары қарай тіркеле беретін болса, біз сақтық шараларын қайта қараймыз және еске салуды жалғастыра береміз», — деді ол.

Сонымен қатар, ол көптеген елдерде қатаң шаралар қабылданғанын арқасында жағдайдың бірқалыпты бола бастағанын атап өтті.

«Біздің тарапымыздан да шаралар қолданылуда. Біз қызметтің барлық бағыттары — сауда, тамақтану, білім, өнеркәсіп және құрылыс, мәдениет және спорт бойынша қажетті нұсқаулықтарды жасадық. Біз әкімшіліктің өзі және осы ұйымдарда жұмыс істейтін адамдардың өздерін, отбасы мүшелерін және басқаларды қорғауға мүмкіндік беретін нұсқаулықтар әзірледік», — дейді Жандарбек Бекшин.

 

stan.kz