Алматыда іздеу салынған жүргізуші ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші бір тәуліктен кейін қолға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Полиция Алматы жолында оқ атқан жүргізушінің көлігін Іле ауданынан тапты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары хабарлады.

«Газель» көлігі Іле ауданында Бережинский көшесіндегі базалардың бірінен табылған.


©
Sputnik / Стрингер.

Іздеу салынған жүргізушінің көлігі

Жүргізуші ұсталды. Қазір полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.

Алматы жолындағы қарулы қақтығыс

Жуырда Жетісу ауданындағы Первомай мұнай базасы көшесінде «Газель» мен Toyota Chaser жүргізушілері жолды бөлісе алмады. Жүк көлігі жеңіл автокөліктің жолын кесіп, кейін жүргізушілердің арасында жанжал шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, «Газель» жүргізушісі Toyota автокөлігін тізгіндеген адамды тапаншамен қорқытқан. Кейіннен оқ атып, көлігімен оның үстінен басып өткен. Артынша ізін жасырған.

Иномарка жүргізушісі ауыр хәлде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.



sputniknews.kz