Алматыда ит ойнап отырған балаға шабуыл жасады (ВИДЕО)

0

Алматыда овчарка ойнап отырған балаға шабуыл жасады. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде болған.

Видео Instagram-парақшасындағы kaztwitter тобында жарияланған. Онда әйел баланы әткеншекке тербетіп тұрады. Сол кезде әлгі ит сәбиге атылып, киімінен тістелеп тартқылайды. Абырой болғанда әйел баланы құтқарып қалады.

Бала жарақат алды ма жоқ па ол жағы әлі белгісіз.