Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Көп қабатты тұрғын үйде заттар мен жиһаз отқа оранды. Өрт сөндірушілер 55 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады

АЛМАТЫ, 16 мамыр – Sputnik. Алматыдағы көп қабатты үйден өрт шықты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, пәтерлердің біріндегі жиһаз бен заттар өртенген. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға 16 мамырға қараған түні Абай даңғылы, 150 мекенжайында, 17-қабаттық «Гауһартас» тұрғын үй кешенінде болған. Жалпы аумағы 30 шаршы метрлік 11-қабаттағы пәтерде жиһаз бен заттар өртенді.  

«55 адам эвакуацияланды. Үйдің жабыны жарым-жартылай құлады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үй кешенінің жанында тұрған көліктер техникаға өрт шыққан жерге жетуге кедергі келтіргенін атап өтті.

Нұр-Сұлтанда жатақхана өртеніп кетті 

«Егер жолды тез арада босатқан «109» құтқару қызметінің эвакуаторлары келмегенде, адам шығыны немесе зардап шеккендер болуы мүмкін еді. Жедел қызметтердің өтуіне кедергі жасамауды сұраймыз. Адам өмірі осыған байланысты», — деп атап өтті департамент.

Өрт сөндірушілер жалынды сағат 00:22-де сөндірді. Өртті жеке құрамның 70 адамы, 18 арнайы техника, сондай-ақ Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері сөндірді.  



sputniknews.kz