Алматыда екі жасар бала коронавирустан жазылды

0

Алматы қаласында індет жұқтырған 84 жағдай тіркелген болса, оның ішінде 10 науқас аурудан айығып шыққан

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Алматыда екі науқас коронавирустан жазылды, оның бірі екі жастағы бала, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Алматыда коронавирус анықталған тағы үш науқас ауруханадан шығарылды. Олардың қатарында бір бала және қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында болған екі ересек адам бар. Оның бірі кеше, 31 наурызда шыққан болатын», – делінген ақпаратта.

Ауруханадан шыққан науқастар 14 күн үй карантинінде болады.

Екі ересек науқас 31 наурызда Берлин–Минск–Алматы чартерлік рейсімен келген. Ұшақта болған барлық 12 адам бірден оқшаулауға орналастырылған болатын. Карантинге жатқызылған соң, сынама алынып, ұшақта болған 7 адамнан коронавирус табылды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан көз жұмған әйелге неге қате сынама жасалды – министр жауабы

Ал үшінші науқас коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Алматыда індет жұқтырған 84 жағдай тіркелді, оның ішінде 10 науқас аурудан айықты.



sputniknews.kz