Алматыда екі бірдей полиция бастығы қызметінен босатылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Бейнеролик әлеуметтік желіде кең таралып, қоғам арасында қызу талқыланған соң құқық қорғау органдарының білдей екі қызметкері жұмысынан босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдай кезінде элиталық кортеждің қала ішінде еркін жүргені үшін Алматыда криминалды полиция бөлімінің бастығы Жанболат Зиадин қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған дерекке сүйенсек, қоғам арасында қызу талқыланған осы оқиға салдарынан патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Е.Қуанышбаев та қызметінен алынған.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын криминалды полиция бөлімінің бастығы бой көрсеткен видео әлеуметтік желілерде кең таралды. Сонымен қатар, ролиіктің бір тұсында элиталық көліктер жол ережесін бұзып, бақылау-өткізу пунктінің жанынан еш кедергісіз өтіп бара жатады. Bentley, Mercedes және Cadillac сияқты қымбат көлік жүргізушілерінің мұндай әрекеті Алматыда болған.

Ішкі істер министрінің өзі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Заңның үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз. Төтенше жағдайды және карантинді бұзуға жол берілмеуі тиіс. Мұны қарапайым жұмысшылар да, олардың басшылары да есте ұстауы керек. Ешкімде ешқандай ерекшеліктер болмайды», – деді Тұрғымбаев.

Құқық қорғау органы өкілдері бейнероликті мұқият талдап бақылау-өткізу пунктінен заңсыз өту және төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін бес адамды тұтқындаған. Олар 10-15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, барлық элиталық көлік айып тұрағына қойылды. Автокөліктің тағы екі қатысушысы іздестірілуде.

Оқи отырыңыз: Желіні шулатқан видео: полиция Түркістан облысында болған оқиғаның мән-жайын айтты

Сондай-ақ, осы оқиғаның алдын алуға тиісті деңгейде әрекет етпеген өзге де полиция қызметкерлеріне тәртіптік жауапкершілік қарастырылды.



sputniknews.kz