Алматыда бортында жолаушылары бар ұшақ құлады

0

27 желтоқсан күні Алматы маңына Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлады.

Алматы әуежайының хабарлауынша, №2100 рейспен Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақпен байланыс жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7:05 кезінде үзілген. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 100 адам – 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

«Bek Air әуе компаниясының ұшағы аэродромнан аулақта құлады. Аман қалғандар бар. Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр» деп хабарлады әуежай баспасөз қызметі.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ұшақ әуежайдың ұшу алаңынан бір шақырым қашықта, Алматы облысы Талғар ауданындағы Гүлдала ауылының маңына құлаған. Апат салдарынан ауылдағы екі қабатты үй қираған. Апат болған жерде жұмыс істеп жатқан төтенше қызмет өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат бермеді.

Ұшақ құлаған жерде түсірілген видео.

Ұшақ құлаған жерде түсірілген видео.

Биліктің хабарлауынша, апат салдарынан 7 адам қаза тапқан.

«Апат себебін анықтау мақсатында үкімет комиссиясы құрылды. Жағдай анықталғанға дейін мұндай ұшақтың ұшуы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта 95 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған» деп хабарлады Қазақстанның индустрия және инфрақұрылым дамуы министрлігі.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз