Алматыда бизнесменнің қызын ұрлап, 500 мың доллар талап еткен

0
Алматыда бизнесменнің қызын ұрлап, 500 мың доллар талап еткен


Алматыда  бизнесменнің кәмелетке толмаған қызын ұрлады деген күдікпен төрт адам ұсталды.

Алматы полиция департаменті қылмыстық полиция қызметкерлері бизнесменнің кәмелетке толмаған қызын ұрлап кетті деген күдікпен төрт адамды ұстады, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. Қаскөйлер бизнесменнен қызы үшін жарты миллион АҚШ доллары мөлшерінде өтемақы талап еткен.

«Қылмыс 14 қараша күні күндіз, қаладағы шағын аудандардың бірінің ауласында болған. Қылмыскерлер электрошокердің көмегімен жүргізушіні байлап, салонда отырған қызды ашықтан-ашық ұрлап кеткен. Артынша ата-анасына хабарласып, өтемақы талап еткен», – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде тергеу органдары ұсталғандардың осы іске қатысын тексеріп жатыр. «Қыздың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ», – дейді ҚР ІІМ өкілдері.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз