Алматыда автобустар 1 маусымнан бастап өзінің бұрынғы режиміне жұмыс істейді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматының қоғамдық көлігі 1 маусымнан бастап өзінің бұрынғы режиміне көшеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус

1 маусымнан бастап қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен сағат 6:00-дан түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, қала маңына қатынайтын барлық бағыттар іске қосылады.

Ескертеміз, қалада карантин аяқталған жоқ, сондықтан қоғамдық көлікті қолданатын жолаушылар масқа тағып, санитарлық нормаларды қатаң сақтаулары тиіс.

stan.kz