Алматыда ауру белгілері жоқ науқастарды қалай емдеп жатыр

0

Камалжан Надыров коронавирустың белгілері жоқ науқастар емдеуді қажет етпейтінін айтты. Алайда олар бақылауға алынған  

АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирустың белгілері жоқ науқастардың қалай емделіп жатқаны жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Инфекция жұқтырғандардың ішінде ауру белгілері жоқ науқастар саны 70%-тен асады. Елімізде коронавирус инфекциясынан емдеудің клиникалық хаттамасы бекітілген. Алайда ауру белгілері жоқ науқастарды арнайы емдеу тәсілі жоқ», – деді ол.

Надыров коронавирустың белгілері жоқ науқастарды емдеу жолын анықтауда әлемнің барлық ғалымы жұмыс істеп жатқанын алға тартты.

«Ауру белгілері жоқ науқастар медицина қызметкерлерінің араласуын және емдеуді қажет етпейді. Олар бақылауға алынған. Біз олардың жағдайын қоңырау соғып, сауалнама жүргізу арқылы қадағалаймыз», – деді Надыров.

Оқи отырыңыз: Надыров коронавирусқа байланысты жаңа лауазым енгізілетінін хабарлады 

Айта кетейік, Алматыда 2 882 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 1 875 адам жазылып шықты. 10 адам қайтыс болды.

7 маусымдағы ақпаратқа сәйкес, қалада ауру белгілері жоқ 135 адам бар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз