Алматыда анасына қоштасу хатын қалдырған жасөспірім табылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Алматының он бес жасар тұрғыны әпкесінің үйінен табылды, полиция жасөспірімді бір апта бойы іздеген

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 12 желтоқсанда көзі нашар көретін және зағип балаларға арналған интернаттан қашып кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, бала әпкесінің үйінен табылған. Жасөспірімнің интернаттан неге кетіп қалғаны хабарланбай отыр.

«Оқу мекемесінің басшылығы мен полицияның жеке құрамы бірқатар іздеу шараларын өткізді. Әуезов ауданының полиция басқармасы Алматы полиция департаментінің криминалды полиция басқармасымен бірлесіп, баланы әпкесінің үйінен тапты», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Жасөспірім интернаттан қашар алдында анасына қоштасу хатын қалдырып кеткен. Онда мұғалімдерімен және сыныптастарымен жанжалдасып қалғанын жазыпты.

Бұған дейін баланың анасы бір сұқбатында ұлының интернаттан қашып кетуге мәжбүр болғанын мәлімдеген еді. Жоғары сынып оқушылары оны үнемі келемеждеп, қорлайтын көрінеді. Бала мұғалімдерге бұл жайлы айтқанмен, еш шара қабылданбаған.

Тағы оқыңыз: Оқушының апат орнында қалдырған хаты миллиондаған адамның жүрегін елжіретті

Ал интернат басшылығы тәрбиеленушілер арасындағы дау-жанжалды жоққа шығарып отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз