Алматыда ағайындылар үш баланың анасын зорламақ болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Әйел үйді ақтау, сырлау секілді жөндеу жұмыстарымен айналысады. Жаңа жыл қарсаңында оған жұмысынан хабарласып, жалақысын алып кетуге шақырған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Алматыда ер адам үш баланың анасын аяусыз ұрып-соғып, зорламақ болды. Бұл туралы фейсбукте «Немолчиkz» қоғамдық қорының өкілдері жазды.

Оқиға 29 желтоқсан күні кешке болған. Үш баланың анасы үйді ақтау, сырлау секілді жөндеу жұмыстарымен айналысады екен. Жаңа жыл қарсаңында оған жұмысынан қоңырау шалып, жалақысын алып кетуге шақырған.

Жұмысшылардың бірі мас болған. Ол әйелге тиісіп, қол жүгірте бастаған. Ер адамның бауыры да қасында болыпты. Әйелге араша түсудің орнына бөлмеден шығып, есікті жауып қойған.

«Әйел айғайлап, көмекке шақыра бастайды. Осы үшін соққыға жығылды. Десе де туған-туыстарына хабарласып үлгерген. Олар полиция шақырды. Полиция оқиға орнына 16 минут ішінде келді. Алайда жәбірленушінің денесінің сау-тамтығы қалмаған. Күдікті үстіндегі киімін де шешіп үлгерген», — деп жазды «Немолчиkz».

Тағы оқыңыз: Бес сағат бойы азаптады: Алматыда мүгедек қызды зорлаған азғын ұсталды

Қоғамдық қордың өкілдері бұл оқиға жайлы Алматының полиция департаментіне хабарлағанын жазды. Полиция істі бақылауға алған.



sputniknews.kz