Алматыда абақтыға жабылған жеті азамат коронавирусқа тексерістен өтуде — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда ЖРВИ белгілері байқалған абақтыда отырған жеті азаматты коронавирусқа тексеруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

түрмеБұл туралы ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық атқару комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жексенбі, 7  маусым күні Алматының тергеу изоляторында отырған жеті күдікті денсаулықтарына байланысты шағындарын жеткізген.

«Шұғыл түрде жедел жәрдем шақыртылды. Олар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан өтті», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда ауру белгілері байқалғандардың жағдайы қанағаттанарлық екен. 

 

 

stan.kz