Алматыда 800-ге тарта адамды алдап кеткен қылмыстық топ қолға түсті

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қылмыскерлер халықты алдаудың тұтас бір схемасын жасап шыққан. Жалған криптовалюта арқылы 1 миллиард теңгеден астам ақшаны иемденген

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жалған криптовалютамен халықты 1 миллиард теңгеге алдап кеткен қылмыстық топ туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: WhatsApp-тағы чаттарға қосылған 300-ге жуық адам сан соғып қалды

Министрдің айтуынша, карантин кезінде халық интернет арқылы тапсырыс көп жасайды, тауар мен қызметтерді сатып алады. Алаяқтық әрекеттер де күрт көбейген.

«Жақында ғана Алматы қаласында интернет арқылы алаяқтық жасаған топ құрықталды. Олар халықты алдаудың тұтас бір схемасын жасап шыққан. Қылмыскерлер жалған криптовалюта шығарып, 1 миллиард теңгеден астам ақшаны қолды қылған. Осы қылмыстан 800-ге жуық адам зардап шекті», — деді Тұрғымбаев онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Осы орайда министр электронды төлем жүйесі арқылы сауда жасау кезінде барынша абай болуға кеңес берді.

«Алдымен интернеттегі жарнаманың шынайылығына көз жеткізіңіз. Сервистерді де тексеріп алыңыз. Содан кейін ғана сауда жасаған дұрыс. Технология дамыған сайын алаяқтық пен ұрлықтың түрлері көбейіп жатыр. Алаяқтар да түрлі амалдар ойлап табады», — деп атап көрсетті Тұрғымбаев.



sputniknews.kz