Алматыда 54 шекарашы курсант коронавирус жұқтырды

0

Қазіргі кезде курсанттардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген клиникалық хаттама аясында ем алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының 54 курсанты коронавирус жұқтырды. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Алғашқыда он төрт курсанттан коронавирус табылған болатын. Кейінірек тексеріс қорытындысы боынша олардың саны 54-ке жетті. Ауру жұқтырған 54 курсанттың барлығы да қазір инфекциялық ауруханаларда жатқызылды», – деді Әбілдаев онлайн брифингте.

Оның айтуынша, барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген клиникалық хаттама аясында ем алып жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты

Еске сала кетейік, осы аптаның басында ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі академиясының 18 курсанты дертке шалдыққаны хабарланған еді.



sputniknews.kz