Алматыда 2 мыңға жуық кәсіпорында карантиндік шаралардың сақталуын тексерді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда 2 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісінде карантиндік шаралардың сақталуын тексерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біз тәуекелге барамыз, басқа жол жоқ: Тоқаев кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға мүмкіндік берді

Бұл туралы Алматы қаласының аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Бірқатар кәсіпорын өз қызметін жандандырды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен әр аудан әкімдігінде кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын бақылау бойынша мониторингтік топтар құрылды.

Бекітілген мониторингтік топтардың құрамына Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандарынан басқа, Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері, аудандық әкімдіктердің, «Атамекен» ҰКП және полиция департаментінің қызметкерлері кірді.

Жалпы алғанда, мониторингтік топтар карантин кезеңінде жұмысын бастаған 1989 нысанды тексереді.

«2 мыңнан астам тексеру жүргіздік және тек 65 жағдайда ғана әкімшілік жаза қолданылды. Сондай-ақ, 39 нысанның қызметі тоқтатылды. Тек сенбі мен жексенбі күндері ғана 153 нысанды тексердік. Аталған іс-шаралар жалғасын табатын болады», — деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

 

stan.kz