Алматы жаңалықтары: полиция жантүршігерлік суреттегі балаларды іздеп жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алматының полиция департаментіне бұл оқиғаға қатысты шағым түспеген

АЛМАТЫ, 26 тамыз — Sputnik. Алматыдағы биік үйлердің бірінде балалар балконнан аяқтарын салбыратып отырған суреттегі жасөспірімдерді қалалық полиция департаментінің қызметкерлері іздеп жатыр.

Көпқабатты үйлердің бірінде бастарын қауіпке тіккен балалар туралы полицейлер әлеуметтік желіден білген.

Алматы қаласында түсірілген жантүршігерлік сурет

Пост авторы Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан «Гауһар тас» тұрғын үй кешені тұрғындарынан мән-жайды сұрады.

«Бәлкім, біреу-міреу өз баласын танып қалар. Күзетші әңгіме жүргізілді деді. Оныншы қабатқа, кейін 16-қабатқа шыққан. Мұндайды көргенде төбе шашың тік тұрады», — деп жазды ол.

Instagram-да жарияланған хабарламаға қалалық полиция бірден назар аударды.

«Қызметкерлер оқиға орнына шұғыл аттанды. Қазір Бостандық ауданының ювеналды полиция инспекторлары профилактикалық әңгіме жүргізу үшін жасөспірімдердің ата-анасын іздеп жатыр. Өмірін қауіпке тігуге болмайтынын, соңы немен аяқталуы мүмкін екенін балаларға ересектер түсіндіруі керек», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: 26-қабаттан құлаған бүлдіршін үстін қақты да, кете барды — адам сенгісіз видео

Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғын үй кешеніндегі қауіпсіздікті қадағалайтын күзет фирмасының қызметкерлерімен бөлек әңгімелеспек.



sputniknews.kz