Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол апатын жасаған жүргізуші мас болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Алматыдағы блок бекеттердің бірінде жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Трагедия дүйсенбі таңертеңгі сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында болды. Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан «BMW» маркалы автокөліктің жүргізушісі, 1992 жылы туған А.есімді қала тұрғыны №4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысқан.

Оқи отырыңыз: Блок бекеттер әзірге алынбайды – денсаулық сақтау министрлігі   

Алдымен бетон қоршауға барып тиген, содан кейін инерциямен патрульдік көлікке соқтығысқан, оның салонында екі полиция қызметкері отырған. Өкінішке қарай, патрульдердің бірі, 42 жастағы Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды. Оның әріптесі Дастан Абдықанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

«BMW» жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз