Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза тапқандардың жаңа тізімі жарияланды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

60 0 0

Трагедия бүгін таңғы жетіде Алматы маңында болды, ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматы маңындағы әуе апатынан қаза болған 12 адамның тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшақ апатынан ажал құшқандар арасында әуе кемесінің командирі, 1962 жылы туған Марат Мұратбаев та бар.

Қаза тапқан 12 адамның тізімі:

1. Николай Астанов, 1971 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

2. Рустам Қайдаров, 1940 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

3. Бауыржан Қалиев, 1974 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

4. Базархан Кәрібаев, 1951 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

5. Марат Мұратбаев, 1962 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

6. Абай Нұрбеков, 1986 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

7. Аршат Исина,оқиға орнында көз жұмған;

8. Сәния Аманжол, оқиға орнында көз жұмған;

9. Дана Круглова,1984 жылғы, Алматы әуежайында қаза болды;

10. Қайырхан Туматов, 1955 жылғы, Алматы әуежайында қаза болды;

11. Валерий Ануфриев, ауруханада көз жұмды;

12. Имина Оспанова, 1963 жылғы, ауруханада көз жұмды.

Ұшақ апаты

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы, соның ішінде төрт шетелдік азамат және 5 экипаж мүшесі болған.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы ұшақ апатынан генералдар кеңесінің төрағасы қаза тапты

Соңғы деректерге сүйенсек, қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. 50 адам ауруханаға жатқызылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар қатаң жазаланатынын жеткізді.



sputniknews.kz