Алматы қаласындағы дезинфекция — Қазақстан жаңалықтары

0

19 наурыздан бастап Алматы қаласында карантин жарияланды. Осыған байланысты қала әкімшілігі қала көшелері мен мекемелерді, қоғамдық көліктерді дезинфекциялау жайында тапсырма берді. Stan.kz тілішісі Алматы қаласындағы дезинфекция жасайтын компаниялардың бірінің жұмысын көріп, адам денсаулығына қалай әсер ететінін және жұмыс құнын біліп қайтты. 

дезинфекция

Бірегей дезинфекциялық қызмет көрсететін «Сириус (dezlife.kz) компаниясы басшысының орынбасары Әлишер Мақсатұлы Шербеков вирусқа қарсы жүргізілетін дезинфекцияның адам өміріне еш қаупі жоқ екенін айтады. 

«Дезинфекциялық сұйықтықтың құрамында дихлор немесе хлордезин болады. Ол адам денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді. Бірақ сақталу керек ережелер бар. Дезинфекция жүрген соң 45 минут немесе 1 сағаттың көлемінде мекемеге көрмей, уақыт өткен соң 10-15 минут терезені ашып желдетіп алу керек. Бұл профилактика мекеменің ішіндегі қауіпті вирустардың барлығын толықтай тазалайды», — деген ол жұмысты бастамас бұрын қызметкерлерден мекемені босатуын, кемінде жарты сағатқа дейін кірмеуі керек екенін ескертетіндерін айтады. Сондай-ақ қауіпсізік үшін алдын-ала демікпе ауруы бар адамдардың бар-жоғын тексереді екен. 

дезинфекцияБір мекемені дезинфекциялау қызметі қанша тұрады деген сұрағымызға:  

«Нақты бағасын айтуға құқығым жоқ. Компанияның коммерциялық құпиясы. Бірақ қазіргі жағдайды пайдаланып көп компаниялар қызмет құнын көтеріп жатыр. Біздің компания бұрынғы бағамен қызмет істеуді жалғастыруда. Қызмет бағасын мекеменің көлеміне қарай айтамыз. Ешқандай бағаны көтермедік, керісінше әуежай, балабақша біздің компанияға хабарласқаннан кейін, үлкен көлемді аумақ болған соң, біз бағаны түсіріп, жеңілдіктер жасап жатырмыз», — дейді dezlife.kz компаниясы басшысының орынбасары. 

дезинфекцияДезинфекциядан кейін вирус қаншалықты жойылады?

«Вирустан қаланы толықтай тазарту мүмкін емес. Жаңбыр қылып жоғарыдан құя алмаймыз ғой. Ол түсінікті нәрсе. Жағдайға қарай хлордың мөлшерін көтереміз. Бірақ мекемеге адам кіріп-шығып жатқандықтан есік, терезе ашылып, дезинфекция ауаға тарап кетеді. Дезинфекция жасалған кезде бактерия, вирус толықтай жойылады», — деген ол қала ішінде профилактикалық шаралардың коронавирус келмесе де жүйелі жүргізіп тұру керектігін айтады. 

дезинфекция

«Қазіргі таңда әкімшілік тарапынан берілген көшелерді жуатын арнайы техника бар. Вируспен күресудің тиімді, бірден бір дұрыс жолы деп санаймын. Себебі олардың жуу қысымы өте жоғары. Сондай-ақ дезинфекция тек қана коронавирус шыққан кезде ғана жасалу керек емес. Профилактика басымызға жағдай түскен де ғана жасалатын дүние емес. Шындығында аптасында екі реттен тұрақты жасалып тұруға міндетті. Коронавирус келді, төтенше жағдай жарияланды, бітті бәрін жуу керек деп ойламау керек. Еуропа мемлекеттері профилактика ретінде аптасына екі реттен жасап тұрады. Елорда мен Алматы сынды қалаларда миллионнан жоғары халық тұрады. Кем дегенде аптасына екі реттен дезинфекция жасап тұру артықтық етпейді», — дейді осы салада төрт жылдан бері істеп келе жатқан маман. 
 

stan.kz