Алматы облысында зорланған 7 жастағы қыз туралы ақпаратты таратып жіберген азамат іздестірілуде – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында кәмелетке толмаған қыз бен оның анасына қатысты жеке ақпаратты таратып жіберген азаматқа қарсы іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қыз зорлау

Өзінің жеті жасар қызы жоғалып кеткендігі туралы айтып, жеткіншектің анасы полиция бөлімшесіне келіпті. Сөзінше, оның баласы далада ойнауға шығып, ары қарай сол маңайда тұратын әжесінің үйіне баруы керек болған. Алайда қыз бала сол күйі із-түссіз жоқ болған. 

Тәртіп сақшылары қызды іздеп әрбір үйді тінтіп шығыпты. 

«Жоғалған қыз сол ауылдағы шаруашылық нысанның жертөлесінен табылды. 30 жастағы күдікті қамауға алынды», – делінген ресми хабарламада. 

Сол күні қыз бала мен оның анасы туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралып кетіпті. 

«ҚК-тің 423-і «Сот алды немесе жабық сот материалдарын таратқаны үшін» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызметтік мағлұматтарды тарату фактісі бойынша тексеріс амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі. 

ҚР ҚК-нің 423 бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл не болмаса, сол көлемеде түзету жұмыстары, екі жылға бас бостандығын шектеу немесе сол уақытқа абақтыға жабу қарастырылған. 

Ұсталған азаматқа қатысты «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Қазіргі таңда тиісті сараптама тағайындалған. Егер айыпталушының кінәсі анықталатын болса, ол 15-20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. 

 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз