Алматы облысында құлаған дельтаплан: 24 жастағы бойжеткен зардап шекті – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы-Қапшағай тасжолында дельтапланның құлауынан бойжеткен зардап шекті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дельтаплан

Бұл туралы Алматы облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметі мәлім етті. 

«31 мамыр кешкі тоғыздар шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 82-ші шақырымында, яғни, Бақанас ауылының маңында екі кісілік дельтапланның құлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Ұшу құралы – жекеменшік. 1996 жылғы азаматша зардап шегіп, Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді», – делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде тоқ сымдарына ілініп, артынша Алматы-Қапшағай тас жолдың үстіне құлаған дельтаплан жайлы айтылған еді. Ресми деректерге сәйкес, оқиға шын мәнінде Алматы-Өскемен тас жолында орын алған. 



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз