Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

есірткі

Бұл туралы ІІМ-нің жеке қауіпсіздік жөніндегі департамент басшысы Арман Саданов мәлімдеді. 

«Біз қазір сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жұмыстар атқарудамыз. Мысалы былтырғы жылы Алматы облысының аудандық полиция бөліміндерінің бірінде есірткі сатумен айналысқан қызметкерлердің ісі әшкере болды. Бұған қоса есірткі бизнесіне қатысы бар деген күдікпен Қызылорда ПД-нің басшысы ұсталды», -деп мәлімдеді Саданов. 

Бұған қоса ол полицейлердің кейбір қылмыстарға көз жұма қарауы да анықталуда екендігін айтып кетті. 

«Осы жылы ҰҚҚ бірлесе отырып, заңсыз түрде 50 килограммдық ақбөкен мүйізін тасымалдамақшы болған азаматтар қолға түсті. Жалпы шығын 100 миллион теңгені құрады», – деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте пара алып, зордлау ісін жылы жаба салмақ болған полиция қызметкерлері жайлы айтылған еді. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз