Алматы облысында бес жігіт әкесіндей адамды өлердей сабап тастаған – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысы Шелек аулында қабырғасы сынып, көзі зақымданып, басына жарақат алған азамат құзырлы органдардан араша сұраған. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметі хабарлады. 

Жәбірленуші Әлімжан Дүйсен дүкеннен шығып, такси ұстаған. Көліктің ішінде лық толы жігіттер отырғанына мән бермеген, көлікке отырған соң олардың ішімдік не есірткі күшімен отырғанын кейін байқаған. Бес еркек Әлімжанға жабылып, қан-жоса ғып ұрып соққан. Арада ай өткенмен, өзіне қол көтергендердің ешқайсысы жазаға тартылмаған.

«Бесеуі жабылып тепкіледі. Аяқ-қолым, қабырғам сынды, көз сүйегі сынған. Ауруханадан шыққаныма екі күні болды»,-дейді жәбірленуші. 

Оны ұрып-соққандар 32 мың теңгесі мен ұялы телефонын алып кеткен. Екі сағат ессіз жатып, Әлімжан әрең дегенде көмек шақырған. Арыз жазғанымен, Шелектің ІІБ іске бей-жәй қараған.

«Шелек ауданының органдары іске дұрыс қарамады. Есікке Әлімжанды тегеуден қашты деп мәлімет берген. Содан кейін олар әлі бостандықта жүр. Бесеуі бірдей бостандықта жүр. 

Кінәлі деген жігіттің әкесі өзінің 1000 доллар бергенін айтқан.

Алматы облысының полиция департаменті істі бақылауға алғанын айтты. Қылмыстың кодекстің 191 бабы екінші бөлігі бойынша іс қозғалыпты.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз