Алматы облысында аса қауіпті қылмыскер құрықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында кісі өлтірген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

күдікті

«Алматы облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп халықаралық іздеуде жүрген, 2016 жылдың тамыз айында Алматы облысының орталығында орын алған екі кісі өлімі дерегіне кінәлі деп айыпталған Өзбекстан Республикасының 35 жастағы азаматын ұстады», — делінген ресми хабарламада.

Талдықорған қалалық сотының тергеу судьясы 2016 жылдың 11 қазанда ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігіне “Екi немесе одан көп адамды өлтіру” сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша күзетпен ұстау түріндегі қаулыны санкциялаған.

Қауіпті қызметкерді іздестіруге үш жылдан астам уақыт жұмсалыпты. Ол бірнеше рет тұрғылықты тұратын жерін ауыстырып, полициядан жалтарып жүріпті. Алдағы уақытта күдікті сот алдында жауап берді екен.

 

stan.kz