Алматы облысында 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

0

Ұстаздарының айтуынша, оқушы мен басқа балалардың арасында кикілжің болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Алматы облысында №19 орта мектептің 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

«Суицид сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне ресми тіркелді, өлер алдында хат жазып қалдырған. Соған қарамастан ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тергеу шараларын қолға алды», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Тағы оқыңыз: Таразда жас қыз өз-өзіне қол салмақ болды – жантүршігерлік видео

Ұстаздарының айтуынша, жасөспірім мен басқа оқушылар арасында кикілжің болмапты. Керісінше, балалар сынып белсендісінен үлгі алып жүреді екен. Ал оқушының неге өз-өзіне қол салғаны беймәлім.

«Бала үнемі менімен сөйлесіп, ойымен бөлісіп, ұсыныстарын айтатын. Басқа балалармен ренжіскен емес. Әлеуметтік желілерде де ештеңе жазбаған. Отбасында бәрі дұрыс еді, ата-анасы балаларына жақсы қарайтын. Неге бұлай болғанын елестету қиын», – дейді Талғар ауданындағы № 19 мектептің мұғалімі Айдар Мамышев.

Тағы оқыңыз: Бала зорланғанын неге бірден ата-анасына айтпайды – психоаналитиктер түсіндірді



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз