Алматы облысында 10 жасар баланы анасының көз алдында көлікпен қағып өлтірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында 10 жасар баланы қағып өлтірді. Апаттан кейін марқұмның туыстары жүргізушіге тап берді.

Оқиға Ұзынағаш-Күрті тас жолында болған. «Тойота Камри» тас жолмен келе жатқанда, кенеттен, көше қиылысында баланы қағып кетті. Баланы байқаған ер адам жылдамдықты азайта бастады, бірақ көлікті тоқтата алмады.

Соның салдарынан көлік баланы ондаған метрден артық жерге сүйреді, содан кейін жүргізуші тротуардың қасына тоқтады. Тас жолдың жанында тұрған анасы бұл оқиғаны өз көзімен көрді. Кейін оқиға орнына жол полициясы мен дәрігерлер тобы келді, олар баланың өлімін анықтады.

Осыдан кейін оқиға орнына жеткен туыстары жүргізушіге шабуыл жасады. Тергеушілер болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жүргізушінің айтуынша, апат болған кезде ол жылдамдықты асырмаған.

stan.kz