Алматы облыстық сотының 9 судьясы коронавирусқа шалдықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облыстық сотының 9 судьясы коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда алты судья жемқорлық үшін жазаланды

Бұл туралы Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Самат Авганов мәлім етті. 

«Тестілеу нәтижесіне сәйкес, Алматы облысы сотының 9 судьясынан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Сонымен бірге, облыстық сот ғимараты жабылып, барлық қызметкерлер үй карантиніне оқшауланды. Ғимараттың жалпы сырты және ішіне дезинфекция шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта карантин кезеңінде облыстық сотпен қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабымен келген материалдар ғана кейінге қардырылмай қаралады. Ал қалған санаттағы сот қарауындағы істер уақытша тоқтатылды», — деді баспасөз қызметінің өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының соты карантинге жабылғаны жайлы айтылған еді. 

 

stan.kz