«Алматы мен Нұр-Сұлтанға жол жабық»: әкімдіктер WhatsApp-тағы хабарламаға пікір білдірді

0

WhatsApp арқылы Алматы мен Нұр-Сұлтанға кіріп-шығуға тыйым салынды деген хабарлама тарап жатыр. Бұған қатысты әкімдіктегілер пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«19.06.20, 00.00, Нұр-Сұлтанда, Алматыда карантин енгізіледі. Азаматтар мен көліктердің кіріп-шығуына тыйым салынады. Қайда қалатыныңызға байланысты алдын ала шешім қабылдаңыз» – делінген желідегі хабарламада.

Қала әкімдігінің қызметкерлері ақпараттың фейк екенін мәлімдеді.

«Мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат – «19 маусымнан бастап елордаға кіріп-шығуға тыйым салынады» деген жалған. Тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Ең алдымен бұл – қала әкімшілігінің сайты. Бұдан бөлек, санитарлық нормаларды: маска тағу, қолды антисептикпен сүрту, қашықтық сақтауды орындау керек.

Санитарлық нормалар бұзылған жағдайда қала бұрынғы қатал карантин режиміне оралуға мәжбүр болады: блокбекет қойылады, қоғамдық көлік тоқтайды, көптеген кәсіпорын тағы жабылады. Қаланың бұрынғы өміріне – ТЖ режиміне дейінгі жағдайына қайта келуі әрқайсымызға байланысты», – деп мәлімдеді елорданың баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ Алматы әкімдігіндегілер тараған ақпаратты фейк деді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз