Алматы маңындағы ұшақ апаты: Путин көңіл айтты

0

Трагедия бүгін таңғы жетіде Алматы маңында болды, ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Алматы түбінде жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қазақ халқына көңіл айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей басшысы Владимир Путин Алматыдағы ұшақ апатына байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Путин Ресей халқы жақындарынан айырылған жандардың қайғысына ортақтасатынын жеткізді, деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.

Алматыдағы трагедия

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Полиция әзірге 12 адамның қаза болғанын растады. Көз жұмғандар арасында Informburo.kz ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Дана Круглова бар.

Тағы оқыңыз: Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза тапқандардың жаңа тізімі жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар қатаң жазаланатынын жеткізді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз