Алматы-2–Қостанай және Қостанай–Алматы-2: қосымша пойыздар

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сұранысқа ие Қостанай-Алматы бағытында қосымша пойыздар іске қосылды

АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Жаңа жылдық мереке күндері Алматы-2–Қостанай және Қостанай–Алматы-2 бағыты бойынша қосымша рейстер іске қосылды. 

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл бағыт қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие. 

«Алматыдан сәрсенбі – 26 желтоқсан, жексенбі – 30 желтоқсан және дүйсенбі – 31 желтоқсанда шығады. Қостанайдан бейсенбі (27 желтоқсан), дүйсенбі (31 желтоқсан), сондай-ақ келесі жылы 1 қаңтарда жүреді», — деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» компаниясы. 

Билеттер қазір сатылып жатыр. 

Айта кетсек, Алматы-Қостанай пойызына шағым көп түскеннен кейін «Турксіб-Астана» команиясы жағдай-ды түзеп, «апаттық» вагондармен жолаушы тасымалдауға уәде берген еді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/