Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» басшысы болып тағайындалды – новости Казахстана

0

Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Осыған дейін бұл лауазымда Сауат Мыңбаев имденген деп хабарлайды NUR.KZ.

Алик Айдарбаев. Фото: tumba.kz

Алик Айдарбаев. Фото: tumba.kz

Жаңа басшыны ұжымға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Алик Айдарбаев әртүрлі жылдары «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» компаниясының (кейін атауы «Торғай Петролиум» ЖАҚ деп өзгертілді), «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да баcшылық қызметтерде болған.

2011 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылға дайін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры болса, 2013-2017 жлдары Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Ал 2018 жылдың 15 қаңтарынан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!