Әлия Назарбаева халыққа орта есеппен 3 млн доллар ақша таратуда. Шын ба?

0

Соңғы кездері Facebook әлеуметтік желісінде Елбасының кенже қызы Әлия Назарбаеваның атынан ашылған аккаунт халықты адастыруда.

Әлия Назарбаеваның атынан ашылған парақшада ол халыққа ақша тарататынын айтқан. Ақшаны қалай алуға болады? Бұл туралы парақшада:

«Барлық елдер үшін мен бүгіннен бастап 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін Facebook-тегі адамдарды еркін таңдаймын және бұл ресми (алаяқтықсыз). Үйде тіркеліп, 10 минут ішінде ақшалай сыйлықтарға ие бола отырып, біз адамдарға CORONA вирусының таралуына байланысты жұмыс істей алмайтындықтан көмектесуге шақырамыз. Сіздің атыңыздың бірінші әрпін таңдаңыз, сонда сіз таңдаған сыйлық аласыз. Мұны дәл қазір жасаңыз, — деп жазылған.

Ары қарай әр түрлі әріпке әр түрлі сомалар жазылған. Сома 1 мың доллардан басталып 1 триллион долларға дейін кете береді.

Жазба соңында бұл ақпаратты 5-10 топта тарату керектігі айтылған. Көптеген адамдар бұл жазбаға сеніп оны жаппай бөлісуде. Нәтижесінде қазіргі таңда Әлия Назарбаеваның атынан ашылған парақшаға 180-нен аса адам тіркеліп үлгерген. Ал жазбаға 500-дей адам пікір жазған.

Дегенмен бұл парақшаға оқырман жинау мақсатында ашылған жалған аккаунт болуы әбден мүмкін. Бұл жерде Әлия Назарбаева елге еш себепсіз ақша таратуы мүмкін емес. Сондықтан да мұндай жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз.

Oinet.kz