Әли Оқапов үйленеді: Роза Рымбаеваның келіні кім

0

Қалың көпшілікке «Асыл» тобында өнер көрсетіп танылған әнші Ақерке Бүркітбай енді ресми түрде қалыңдық атанды. Өнер иесінің сүйіктісі оған кеше ғана үйленуге ұсыныс жасаған.

Желі қолданушылары оның қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаеваның келіні атанатынын жарыса айтуда. Ақерке Бүркітбай өміріндегі қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Ол қолындағы сақинасын көрсетіп түскен фотосын жариялап, оқырмандарына алдағы уақытта тұрмысқа шығатынын жеткізді.

Желі қолданушыларының пайымдауынша, қалыңдық өмірлік серігін өзі күйіп-пісіп жүрген шоу-бизнес ортасынан тапқан. Олар Ақерке Бүркітбайдың таңдауы Әли Оқаповқа түскеніне сенімді. «Әйтеуір жеттік осы күнге, Әли Ақерке бақытты болыңдар» , «Роза Рымбаеваның су жаңа келіні» , «Әлимен шын бақытты бол», «Роза Рымбаеваның келіні құтты болсын» , «Қанша жыл жасырып келдіңдер. Халық бәрібір біледі ғой. Әли екеуің шынымен жарасымды жұпсыңдар» , – деп жазуда олар.

oinet.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз