Әлемдік экономикада соғыс кезінен бергі ең нашар құлдырау болжанып отыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Биыл әлемдік экономика 5,2 пайызға қысқарады, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бері ең нашар құлдырау күтіледі. Бұл туралы Дүниежүзілік Банктің (ДБ) «әлемдік экономиканың келешегі» баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі.

экономика

Болжам бойынша, дамыған елдерде экономикалық белсенділік осы жылы жеті пайызға, ал дамушы елдерде — 2,5 пайызға қысқарады. Бұл осы топтағы елдерде ең кем дегенде алпыс жыл ішіндегі бірінші рецессия болады. Сондай-ақ, сарапшылар жан басына шаққандағы табыстың 3,6 пайызға төмендеуін атап өтті.

Банк келесі жылы әлемдік экономиканың 4,2 пайызға өсуін болжайды. Теріс сценарий бойынша төмендеу осы жылы сегіз пайызды құрауы мүмкін, ал келесі өсім бір пайыздан сәл артық болады.

Сонымен қатар, ДБ Ресейдің ЖІӨ-нің құлдырауы бойынша болжамын бір пайыздан алты пайызға дейін төмендетті. АҚШ экономикасы 9,1 пайызға, еуроаймақ — 9,1 пайызға, ал Жапонияның ЖІӨ 6,1 пайызға қысқарады.

Мамыр айында Fitch сарапшылары дүниежүзілік ІЖӨ 4,6 пайызға төмендеуін күтті. Дамушы елдердің экономикаларының қысқаруы 4,5 пайыз деңгейінде болжанды.

 

stan.kz