Әлемдегі әйгілі боксшы Пернелл Уитакер көз жұмды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Аты аңызға айналған боксшы 55 жасында қайтыс болды. Ол жол апатына ұшыраған

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. АҚШ-та жол апаты салдарынан әлемге әйгілі боксшы Пернелл Уитакер қайтыс болды.

Трагедия Американың Вирджиния Бич қаласында болған. 14 шілде күні белгілі спортшыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды ESPN. 

Басылымның хабарлауынша, дәрігерлер боксшының өміріне араша түсу үшін қолдан келгеннің бәрін істеген. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Көлік жүргізушісі оқиға орнында жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін күткен.

Тағы оқыңыз: Бокстан Қазақстан чемпионы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

Пернелл Уитакер 1984 жылы Лос-Анджелесте Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Кәсіби рингте америкалық төрт салмақ дәрежесінде чемпион болды.

Пернелл Уитакер әлемдегі үздік боксшылардың бірі саналады. Ол өз карьерасында 40 жекпе-жек өткізіп, 35-інде жеңіске жеткен. Төрт рет жеңіліп, бір кездесуді тең есеппен аяқтаған.



sputniknews.kz