Әлемде тамақтың бағасы рекордтық деңгейге дейін арзандады — Қазақстан жаңалықтары

0

2020 жылы мамырда әлемдік азық-түлік бағасы коронавирусқа байланысты 2018 жылғы желтоқсаннан бастап ең төмен деңгейге жетті. Азық-түлік бағасы төрт ай қатарынан төмендеуде. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

тамақ

Мамыр айында азық-түлік бағаларының индексі орташа есеппен 162,5 тармақты құрады, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 1,9 пайызға төмен. Сүт өнімдерінің бағасы сәуір айынан бастап 7,3 пайызға, жарма өнімдері — 1 пайызға, өсімдік майы 2,8 пайызға арзандады (10 айлық деңгейге дейін). Бір айда ет бағасы 0,8 пайызға немесе өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 3,6 пайызға төмендеді.

Мамырдағы төмендеу қанттан басқа барлық категорияларға әсер етті. Оған баға индексі мамырда 155,6 тармақты құрады, бұл сәуір айымен салыстырғанда 7,4 пайызға жоғары. Бұл Үндістан мен Таиландта күтілгеннен төмен түсімге байланысты болды.

 

stan.kz