Алдағы үш күнде еліміздегі ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендейді — новости Казахстана

0

Алдағы үш күнде еліміздегі ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендейді деп хабарлайды «Қазгидромет» РММ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ukrinform.ru

Көрнекі фото:ukrinform.ru

Желтоқсанның 25-нен 27-не дейін Қазақстан аумағында күн суытады.

Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа температурасы -32 -37 градусқа дейін төмендеса, кейбір аймақтарда көрсеткіштер -40 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы -25-30 градусқа дейін төмендейді.

Батыс аймақтарда синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Термометр көрсеткіштері 0… — 5 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстік-батыста 0… +5 градусқа жетеді.

Кейбір аймақтарда дауылды ескерту жарияланды.

Мысалы, Маңғыстау облысында 24-ші желтоқсан күні жолдарда көктайғақ болу ықтималдығы жоғары.

Ал 24 мен 26 желтоқсан аралығында Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын, боран және көктайғақ күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Оралда 24 мен 26 желтоқсан аралығында синоптиктердің болжамынша, жауын-шашын жауып, тұман түседі. Көктайғақ күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші секундына 17 метрге жетуі мүмкін.

Қызылорда облысында 24 мен 26 желтоқсан аралығында кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ күтілуде.

25 желтоқсан түні Петропавл қаласында термометр көрсеткіштері -37…-39 градусқа төмендейді.Ал 26-шы желтоқсан күні синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы -33…-35 градусқа төмендейді.