Алдағы күндер жаңбырлы болады — синоптиктер — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазгидромет 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктердің мәліметінше еліміздің бірқатар аймақтарында жаңбыр жауады екен.

«Алдағы үш күнде жоғары циклон Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууына себеп болады. Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында антициклонның ықпалында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Еліміздің батыс бөлігінде күндізгі температура көпжылдық орташа мәннен 0…4 градусқа жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0…4 градусқа төмен, ал қалған аумақта температура нормаға шамасында болады», — делінген ауа райы болжамында.

Бұған қоса мамандар 9 маусымда Ақмола облысында дауылды ескерту жариялады. .

«Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%», — деп ескертті синоптиктер.

stan.kz