Alar тобының әншісі топқа туыстық арқылы келгенін мойындады — Қазақстан жаңалықтары

0

Alar тобы 2016 жылы қанат қаққан жас топ. Бұған дейін BN атауымен шыққан топтың атауы да, құрамы да 2018 жылы өзгертілді.

Alar тобының әншісі топқа туыстық арқылы келгенін мойындады

Жастар арасында кеңінен танылған топтың қоржынында «Топ-томпақ», «Жаным-ай», «Осындаймын» т.б әндер бар, деп хабарлайды Евразия арнасына сілтеген Stan.kz.

Жас әнші Зирузамен бірге бейнебаян түсірді. Ол You-tube желісінде 2 млн рет қаралған. Топқа Еркебұлан Молдашев жетекшілік етеді. 

Топ құрамындағы Ақниет топқа туыстық арқылы келгенін мойындады. 

«Біз туыс болғандықтан, топқа келдім. Туыстар арасынан таңдалдым. Ол кезде мектеп оқушысы едім. 11-сыныпта оқитынмын», — дейді Ақниет.

Топ әншілері  туыс болғандықтан, ешқандай келісім-шарт жасаспағанын, еркілеріне сай өнер көрсететінін айтты. 

Алдағы уақытта бір әніне бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, еліміздегі қалаларды аралап концерт беретін жоспары жайында айтты. 

stan.kz