Алаяқтар Facebook арқылы Тоқаевтың атынан парақша ашып, ұтыс ұйымдастырған (фото)

0

Әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атымен ашылған кезекті жалған парақша пайда болды. Онда түрлі ұтыс жарияланып, ақшалай сыйақы ұсынылған.

Скриншот: facebook.com/PRRESDNTTTO

Скриншот: facebook.com/PRRESDNTTTO

Белгісіз біреу Қазақстан президентінің атын «коронавирус пандемиясы кезінде халықты қолдау үшін» деген желеумен ақшалай сыйлық ұтысын өткізген. Ол үшін пайдаланушылар өз есімінің бірінші әрпін жіберіп, жазбамен бөлісу керек деген талап болған.

Мамандар жазбада орфографиялық және стилистикалық қате бар екенін, сонымен қатар онлайн-аударма қызметі арқылы мәтіннің аударылғанын атап өтті. Жазбаның астына мыңдаған пікір жазылып, оны жүзге тарта адам бөліскені белгілі болды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінінің баспасөз қызметі бұл парақшаның мемлекет басшысына қатысы жоқ екенін мәлім етті.

«Қазақстан президенті тек екі желіде: Twitter, Instagram- да тіркелген. Сақ болыңыздар және алаяқтарға сеніп қалмаңыздар», – деді ведомство.

Фейк парақша 2017 жылы ашылған. Онда азиялық қыздың фотосы жүктелген. 2020 жылдың 13 шілдесі күні парақша «Kasym-Jmart TokyevI» деп өзгертілген және бірнеше минуттан кейін ақша тарату туралы жазба жарияланған.

«Естеріңізде болсын, аталмыш алаяқтық тәсілі өте қарапайым: сізге ұтысқа ие болдыңыз деген хабарлама келіп, банк картасының номерін жіберуіңізді өтінеді. Оны алған соң, бар ақшаңызды қағып алады. Сақтансаң, сақтайды деген. Алаяқтарға алданбаңыз!» – деді министрлік.

Скриншот: facebook.com/PRRESDNTTTO

Скриншот: facebook.com/PRRESDNTTTO

 

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз