«Әкесі сияқты үлкен азамат болсын деймін»: Динара Сұлтан кенжесін қырқынан шығарды — Қазақстан жаңалықтары

0

Талантты әнші Динара Сұлтан кенже ұлын қырқынан шығарды. Алты баланың анасы атанып үлгерген жас ана ұлына тілегін жеткізді.

Жақында ғана алтыншы баласын өмірге әкеліп, сүйінші сұраған Динара Сұлтан енді кенжесін қырқынан шығарды. 

«Аллаға шүкір. Бүгін қырқынан шықтық. Әміре ұлымыз әкесі сияқты елге сыйлы, қайратты, байсалды үлкен ер-азамат болсын деймін, апасы сияқты қамқоршы болсын деймін, анасы сияқты талантты болсын. Тілектеріңіз үшін рахмет. Жақсы жаңалықпен бөлісейік ағайын», — деп жазды әнші желідегі парақшасында. 

Желідегі оқырмандары сәбиге ізгі тілегін арнап, ұзақ ғұмыр тіледі.

«Алла өмірін ұзағынан берсін. Сіз де бала шағаларыңнын несібесіне аман болыныз. Құттықтаймын! Барлық тілеген тілектер орындалсын! Сіз сияқты ұлды болып, сүйгім келеді! Тәтті бала. Өмірлі болсын. Барініз аман болыңыздар. Үлгі болатын жандар. Өзім сіздің посттарыныздан күш-қуат аламын». «Дені сау болсын!!! Ата анасының үмітін ақтайтындай нағыз ер азамат болып өссін!!!, — деп жазды олар.

Айта кетейік, Динара Сұлтан мен жолдасының үйлену тойы 2019 жылдың жаз айында дүбірлеп өтті. Алайда әнші жұбайы жайлы ақпаратты құпия ұстауды жөн деп санайды.

stan.kz